Ақпарат

Біз туралы біліңіз

Тәуелсіз ақпараттық жоба.

photo 2026 02 12 01 29 49

Жеңіс Серікбайұлы және Азамат Кенжебулатов

Азамат Кенжебулатов

Кәсіпкер, қоғам белсендісі және білім беру саласының бастамашысы. Ол «BilimdiBala» оқу-дамыту орталығының негізін қалаушы ретінде балалардың интеллектуалдық, рухани және шығармашылық дамуына бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеді.
Инклюзивті қоғам қалыптастыру, ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау, әлеуметтік бастамаларды іске асыру бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. «Арман ағашы», «Бірге жасаймыз» секілді жобалардың ұйымдастырушысы.
Қоғамдық пікірді дамыту, азаматтық белсенділікті арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау ісіне атсалысып келеді. Аймақтық деңгейде қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады.

Жеңіс Серікбайұлы

Журналистика саласының тәжірибелі маманы. 20 жылдан астам уақыт бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет атқарып, елдің тыныс-тіршілігін, әлеуметтік мәселелерін және ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттап келеді.
Ол мемлекеттік тілдің дамуына, қоғамдағы ашық пікір алаңының қалыптасуына және жас ұрпақтың саналы болашағына үлес қосып жүрген азамат.

Редакция 

Жоба жетекшісі: Кенжебулатов Азамат Сапарович
Бас редактор: Жеңіс Серікбайұлы
Mikrafon.kz
Платформа туралы

Халық дауысы» — тәуелсіз ақпараттық алаң

Тәуелсіз сараптама: Оқиғаларға бейтарап қарап, ақпаратты жан-жақты жеткізу.

​Ұлттық кодты сақтау: Қазақ елінің салт-дәстүрі мен мәдениетін заманауи медиа тілімен насихаттау.

​Жаңа буын медиасы: Мектеп оқушылары мен жастардың креативті бастамаларына қолдау көрсетіп, олардың медиа-сауаттылығын арттыру.

​Қоғамдық бақылау: Әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне ықпал ету.

Елдігімізді нығайту арқылы ұлттық құндылықтарды жаңғырту және қоғамды ақпараттық қолдау.
«Микрафон | Халық даусы» — Қоғамдағы әрбір маңызды мәселені ашық талқылауға мүмкіндік беретін тәуелсіз ақпараттық кеңістік. Біз жаңалықтар мен мәдени контенттің премиум қорын ұсынамыз, әркімнің дауысын естуі үшін жұмыс істейміз.

Біздің платформа жаңалықтар, пікірлер, подкасттар мен әлеуметтік сұхбаттарды ұсынады, сонымен қатар, қазақ ұлттық дәстүрлерін дәріптейді. Біздің ұмтылыстарымыз халықтық мәдениетті сақтау мен дамытуда.

Платформа жастардың бастамалары мен пікірлерін қолдап, олардың қоғам өміріне белсенді қатысуына жағдай жасайды.

Біздің жетістіктеріміз бен инновацияларымыз

«Микрофон | Халық даусы» жобасының артықшылықтары мен мүмкіндіктері.

 

Тәуелсіз медиа-алаң

«Біз кез келген өзекті мәселені ашық талқылауға мүмкіндік беретін еркін ақпараттық платформамыз»..

 

Ұлттық құндылықтар

«Қазақ халқының бай мәдениетін, салт-дәстүрін және тарихын заманауи форматта насихаттаймыз».

 

Белсенді қоғам

«Халықтың пікірін жинап, әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешілуіне ықпал ететін қоғамдық бақылау орталығымыз»

 

Заманауи медиа-қамту

«Instagram, YouTube, TikTok және Telegram арқылы ақпаратты ең жылдам әрі қолжетімді түрде таратамыз».

 

Біздің құндылықтарымыз: Әділдік, Парасаттылық, Инновация.

 

Адалдық пен шынайылық: «Біз ақпарат таратуда адалдық, шыншылдық және ашықтық принциптерін қатаң сақтаймыз. Әрбір деректің шынайылығына жауап береміз».
​Мәдениет пен дәстүр: «Ұлттық болмысымызды, ана тіліміз бен ата-баба дәстүрін қастерлейміз. Оны жас буынның санасына заманауи медиа арқылы сіңіруді парыз санаймыз».

Әлеуметтік жауапкершілік: «Этика нормаларын сақтай отырып, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді байланысты нығайтуға күш саламыз».

Бәсекеге қабілеттілік: «Біз үнемі ізденіс үстіндеміз. Жаңа технологияларды игеріп, ақпарат кеңістігінде көшбасшы болуға ұмтыламыз».

​«Біз үшін халықтың сенімі мен ұлттық мәдениет — ең биік құндылық».

100%
 

Бізбен хабарласып, пікіріңізді білдіріңіз!

 

Scroll to Top