📚 Щучинск қаласында Кітап күні жоғары деңгейде өтті
Бүгін Кітап күніне орай біз аудандық кітапханаға барып, өтіп жатқан іс-шараны түсіріп қайттық.
🎤 Шара барысында Зеленобор мектебінің директоры Мейрамбек мырзамен кездесіп, сұхбат алдық. Әңгіме барысында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы және мектепте кітап оқуды дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.
📖 Сонымен қатар, аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушылары арасында дебат турнирі өтіп жатыр. Іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
💬 Мейрамбек мырзаның айтуынша, әр қазақтың үйінде «Абай жолы» кітабы болуы тиіс. Елбасымыз атап өткендей, кітап — ұлттың болашағы.
✨ Кітапсүйер жастардың саны арта берсе, бұл елдің дамуына үлкен серпін беретіні анық.
📚 Кітап күніне орай – Щучинск қаласында іс-шара өтті



